Белсенді азамат
Ұстаздық еткен жалықпас Ұстаз – ұлы есім, мектептің тірегі - мұғалім. Ұстаз әр оқушының қабілетіне қарай бағдар беріп, жөн сілтейді. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстанымы мықты ұстаздың қолында. Осы айтылғандай Сүндетов Қайрат Қуанович Достық ауылы білім ошағы ЖОББ Достық «мектеп-бөбекжай-бақша» кешенінде ұзақ жылдардан дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Дене шынықтыру сабағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге септігін тигізеді. Еңбекқор ұстаз Қайрат Қуанович өз пәнін және бокс үйірмесін жүргізеді. Үйірме барысында еңбегіне еш ақы талап етпей, уақытпен санаспай шәкірттеріне осы спорт түрінің қыр-сырын жалықпай үйреткен бапкер қандай марапатқа да лайық. Жас спортшы шәкірттері - облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері, жеңімпаздары. Ол жаттықтыратын талабы таудай жас спортшыларды болашақта еліміздің, халықаралық жарыстардың тіпті олимпиаданың чемпиондары атанады деп айтуға болады. Ұстаздың жалпы ауыл спортын дамытуға қосып жүрген үлесі зор. «Дене тәрбиесі» деген сөз дене мәдениеті деген ұғымды білдіреді. Қайрат Қуановичтің алдына қойған басты міндеті - мәдениетті, еңбекқор шәкірт тәрбиелеу. Мәдениетті адам еңбектің қадірін жақсы біледі және өзінің де еңбегі жемісті болады. Қайрат Қуанович әр кез шәкіртіне үлгі-өнеге болып, өмірдің сан тарап жолынан адаспай өтуде оған жөн сілтеп, адалдыққа, ізгілікке баулиды. Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты, өз бойындағы өмірлік қағидасы мен жалпы ұстанымы негізінде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, өзінің бойындағы бар адами мейірімін, білімін, тәжірибесін дарытып және олардың рухани дүниесін байытады. Қайрат Қуановичтің бойынан адами қасиеттердің бәрін көре аламыз. Бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету-мұғалімнің мейрімділігімен ,білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Қайрат Қуанович сияқты өз мамандығына жан-жүрегімен берілген жан ғана ұстаздық этиканы да ұстаздық техниканы да, шеберлікті жақсы меңгереді. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес. #белсендіазамат
