Мазмұнға өту

Жаңа

«Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайдың қызметкерлерімен «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының жанынан құрылған Саяси кеңес мүшелерімен кездесу өтті.

0
0
162

"Елін сүйген Елбасы"

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға аян. Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді. Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елде…

0
0
218

Көпбалалы аналармен кездесу өтті

Бүгін “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты С.Байтенова,аудандық маслихат депутаты А.Камзаева, Г.Волкогон аудандық ҮЕҰ өкілдері, көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуде аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С.Вагапова көп балалы аналар үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттармен таныстырды.Шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып,онлайн және офлайн форматында ұйымдастырылды.#NurOtan

0
0
136

Қызылқоға аудандық партия филиалында Партиялық бақылау комиссиясы өтті

Онда алдымен Сағыз, Мұқыр ауылдық округтерін ауыз сумен жабдықтау туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерсағын Құмаровтың хабарламасы тыңдалды. Оның түсіндіруінше, аудандағы 26 елді мекеннің 14-іне орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылса, алты елді мекен тұрғындары ауыз суды құдықтан алып, алты елді мекенге ауыз су тасымалданып отыр. Солардың ішіндегі бес елді мекенге ауыз су желісі жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптама жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 124,1 шақырым болатын «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын өткен жылдың тамыз айынан бастап «АтырауТеміржолЖылу» ЖШС сенімгерлікпен басқарады. Кереген шатқалындағы үш су ұңғымасы толық көлемде су жинай алмай отырғандықтан қосымш…

0
0
371

Жастар таңдауы -СПОРТ

Жастар таңдауы -СПОРТ

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз " тәні саудың - жаны сау" -деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Жастардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру маңыздылығы жыл сайын артуда.

Абай атамыз айтпақшы "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын" дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз, мықты денсаулықсыз бақытты өмір жоқ.

Сондықтан Біз Жастар өз таңдауымызды жасадық, бұл елімізде спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау!

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.

#жастардыңтаңдауы

#выбормолодежи

0
0
181

21 Қараша- Бүкіләлемдік телевидение күні!

Бүгін Бүкіләлемдік телевидение күні!

Облысымыздың барша телевидение қызметкерлерін құттықтаймыз!

_____________

Сегодня Всемирный день телевидения!

Мы поздравляем всех сотрудников телевидения нашей области!

0
0
141

"Жастардың таңдауы-Выбор молодежи"

"Жастардың таңдауы-Выбор молодежи"

Қазіргі жастар өте еңбекқор, ауылымыздың жастары жаздай футбол ойынына әуес, қыс мезгілінде волейбол ойнайды. Мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағыларға дейін футболды жақсы ойнайды. Футбол ойнайтыңдар әлем бойынша өте көп. Біздің жастарда спортқа жақын. Тағы бір айта кететің жайт жастар тоғыз құмалаққа жақын. Елдің болашағы жастар. Жастарымыз аман болсын, дені сау ұрпақ болсын. Мағжан Жұмабаев: "Мен жастарға сенемін"

#жастартардыңтаңдауы

#выбормолодежи

0
0
161

"Ауданда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру"

"Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерінің, аудандық мәслихат депутаттарының қатысумен Ақтау ауылында "Ауданда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен онлайн режимінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңесшісі А.Сұлтанғалиев "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеңберінде "Шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары" тақырыбында "Игілік", "Сыбаға", "Қарапайым заттар экономикасы", "Кәсіпкер" бағдарламаларының тиімділігі, осы бағдарламалармен қалай жұмыстану керектігіне тоқталды. Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мәселелер көтеріліп, онлайн режимінде қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0
0
127