"Ауданда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру"
"Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерінің, аудандық мәслихат депутаттарының қатысумен Ақтау ауылында "Ауданда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен онлайн режимінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңесшісі А.Сұлтанғалиев "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеңберінде "Шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары" тақырыбында "Игілік", "Сыбаға", "Қарапайым заттар экономикасы", "Кәсіпкер" бағдарламаларының тиімділігі, осы бағдарламалармен қалай жұмыстану керектігіне тоқталды. Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мәселелер көтеріліп, онлайн режимінде қойылған сұрақтарға жауап берілді.
