Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіледі

«Құтты мекен» партиялық жобасына енген Қаратау ауданында пайдалануға берілетін үш құрылыс нысаны бар. Аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жыл басынан бері бірнеше рет құрылыс жүріп жатқан жерге барып, жағдайымен танысып, қадағалап келеді. Алайда, «Бозарық» қосалқы стансасының құрылысы бірнеше жылға созылғандықтан мердігер компания нысанды уақытында тапсыра алмай келеді. Станса пайдалануға берілген кезде Бозарық, Қайнар – Бұлақ, Асар елді мекендерінде тұратын 250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, Асар – 2 елді мекеніндегі тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету үшін инженерлік желілердің 10/0,4кВ электр жүйелерінің құрылысы 1 миллиард 142 миллион теңгеге жүргізілді. 12 қабатты 2 тұрғын үйге 264 отбасы қоныстанады. Бұл өз кезегінде қаламыздағы тұрғын үйге кезекке тұрған азаматтардың санын қысқартады.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіледі - Yvision.kz