Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы

«Nur Otan» партиясы саяси кеңес мүшелері жоспарға сай Жарсуат ауылдық округі тұрғындарымен және ауыл басшылығымен карантиндік жағдайға байланысты онлайн жүздесіп,ауылдың хал-ахуалын білді.

Аталмыш ауылдық округі әкімі Асқар Утилиев кездесу барысында ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндады.

Сонымен қатар ауыл мектебінің карантиндік кезеңдегі оқу процесі де сөз болды. Ауыл мектебінің оқушылары қазіргі таңда шттаттық режимде, санитарлық талаптарды қатаң ұстап,білім алуда. Мектепке интернет желісі қосылған. Ауылдық округке қарасты «Қарашығанақ», «Димитрова» ауылдарынан келіп, интернатта жатып оқитын 23 оқушыны арнайы аудан әкімдігінің қолдауымен берілген «Газель» автокөлігі тасымалдайтыны айтылды.

1
0
106

Осы тақырып бойынша