Жаңа
«Құтты мекен»
Алдағы жоспарға сәйкес Партиялық бақылау комиссия мүшелері ауданда салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жүргізетіні мәлім болды.
Сондай-ақ, партиялық жобалардың аудан аумағында іске асырылуы Партиялық бақылау комиссиясының назарында болады.
Атырау облысы бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімі
1. ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы («Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары)

2. НАҚПАЕВ Сәлімжан Жұмашұлы («Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары)

3. БЕЙСҚАЛИ Толқын Ермекқызы (Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы)

Орталық партиялық квота бойынша:
1. ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы (“Nur Otan” партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)

"Nur Otan" партиясы қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ғимаратында филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде қайтарымсыз несие беру жөнінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған көмекшілердің қызметтері жөнінде қойылған сауалдарға әлеуметтік қызметкер Шақпақова Айгүл Имамадиқызы және Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының, кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері жауап берді.
77
Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы талқыға салынды
Бүгін, 26 қараша күні, Кеңөзек ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы талқыға салынды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарымен спикерлер арасындағы кездесуде бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, ауылды өркендетудің жолдары туралы жоспарлар құрылды.

Бүгін денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының депутаттық фракциясы мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық мәслихат депуттары С.Қапашұлы, Т.Ерманов, А.Жұмалиев және аудандық орталық аурухананың директоры Ж.Нұрлыбаева және ақ халатты абзал жандар қатысты. Онлайн кездесуде аудандық аурухананың директоры Жанар Сайынқызы қазіргі кездегі аурухананың ахуалын баяндап, емдеу мекемесінің заманауи, жаңа құрылғылармен толығып жатқанын және ауруханада дәрі-дәрмек қорымен арнайы қорғаныш киімдерінің жеткілікті екенін, сондай-ақ CVI-ге байланысты аудандық аурухана жанынан құрылған мобильді бригада…
"Отау строй" ЖШС-нің құрылыс обьектілеріне мониторинг ұйымдастырылды.
Жиынның мақсаты құрылыс нысандарының сапасымен танысып, жұмыс барысын қадағалау. Мониторинг барысында бекітілген ережелерге сай келмейтін жағдайлар анықталған жоқ.
Бүгін "Jas Otan" ЖҚ-ның жастарымен "Жастар-ауыл тазалығы үшін" тақырыбында онлайн кездесуі өтті.
Бүгін "Jas Otan" ЖҚ-ның ауыл жастарымен бірлескен "Жастар-ауыл тазалығы үшін" тақырыбында ZOOM форматында онлайн кездесуі өтті. Кездесуде жастар ауылдың тазалығы, демалыс орындарындағы тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол бермеу сияқты өз ойларын ортаға салып, басты міндет-ауылдың тазалығына үлес қосу, оны тап-тұйнақтай етіп ұстап, ауылдың көркеюіне, көгалдануына бір кісідей ат салысатындарын жеткізді.
"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Ырғыз ауылында Арай мәдиенет үйінде "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамының Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдау өткізілді.Қоғамдық тыңдауға "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамынан Алиасқар Мусин, Мадияр Айтбаев, инвестор өкілі Берік Хасенов, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облысы филиалы басшысының орынбасары Айбол Данағұл, ардагерлер ұйымы, қоғамдық ұйымдар мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Жиынды Ырғыз ауылдық округі әкімі Алтынбек Сарин жүргізді. Келген өкілдер өз сөздерінде жүк көліктерінің иелеріне автомобиль жолдарын ақылы пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігін жан-жақты түсіндірді.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan»-ның ХХ Съезіндегі сөзінен

#nurotan
#elbasy