"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Ырғыз ауылында Арай мәдиенет үйінде "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамының Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдау өткізілді.Қоғамдық тыңдауға "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамынан Алиасқар Мусин, Мадияр Айтбаев, инвестор өкілі Берік Хасенов, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облысы филиалы басшысының орынбасары Айбол Данағұл, ардагерлер ұйымы, қоғамдық ұйымдар мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Жиынды Ырғыз ауылдық округі әкімі Алтынбек Сарин жүргізді. Келген өкілдер өз сөздерінде жүк көліктерінің иелеріне автомобиль жолдарын ақылы пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігін жан-жақты түсіндірді.

