Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының депутаттық фракциясы мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық мәслихат депуттары С.Қапашұлы, Т.Ерманов, А.Жұмалиев және аудандық орталық аурухананың директоры Ж.Нұрлыбаева және ақ халатты абзал жандар қатысты. Онлайн кездесуде аудандық аурухананың директоры Жанар Сайынқызы қазіргі кездегі аурухананың ахуалын баяндап, емдеу мекемесінің заманауи, жаңа құрылғылармен толығып жатқанын және ауруханада дәрі-дәрмек қорымен арнайы қорғаныш киімдерінің жеткілікті екенін, сондай-ақ CVI-ге байланысты аудандық аурухана жанынан құрылған мобильді бригаданың қызметі туралы баяндады. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан ауданның денсаулық сақтау саласына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, өз ойларын ортаға салды.

Осы тақырып бойынша

Бүгін денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті. - Yvision.kz