Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық конференция

Павлодар облысы бойынша «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс XXX конференциясында филиал төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі анықталды. Дауыс беру Primaries.kz сайтында электронды жүйе бойынша жүргізілді. Бүгін праймериздің бірінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған 16 үміткер Парламенттің төменгі палатасындағы орындарға күресті. Шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де саланы қарастырған жаңа тұлғалар қосылды. Облыстың барлық тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алатын қоғамдық пікірталастар нәтижесінде 112 конференция делегаттары таңдаған кандидаттарына онлайн режимінде өз дауыстарын берді. Облыс тұрғындары қатысушылар орындауларын тікелей эфирде тамашалай алды. Конф…

0
0
161

Елбасы «Nur Otan» партиясының  базалық 3 принципін атады

«Біріншісі - жауапкершілік. Біз шынайы істер партиясымыз. Демек, жауапты саяси күш деген сөз. Яғни, айтты - істеді. Қиын сәттерде Nur Otan барлық уақытта халықпен бірге болды. Бүгінде партия елдегі шынайы билікпен байланыстырылады. Бұл бізге зор жауапкершілік жүктейді және оны түсінеміз. Nur Otan партиясынан кандидат болу, партиялық тізімнің бөлшегіне айналу - бүгін және болашақта мемлекеттің жауапкершілігін бөлісу. Екінші принцип - командалық бірлік. Партияға мүшелік - бұл басымдық емес, қоғам алдындағы міндет, отанның игілігі үшін күнделікті жұмыс. Үшінші принцип - орталық идеальдар мен мақсаттарды ұстану»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

0
0
181

Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері аудан орталығында дәріханаға мониторинг жүргізді

Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері аудан орталығында орналасқан тағы бір дәріханаға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында дәрілердің қымбаттауын,дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында комиссия мүшелері жиі рейд ұйымдастыратындарын айтты.

"Ауыл жастарының жұмыспен қамтылуы

Бүгін 22 қазан күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылда жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау» тақырыбындағы жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Саяси кеңес мүшелері, аудандық және ауылдық белсенді жастар қатысты. Жиында аудандық филиалдың бірінші орынбасары Ш.Темирбева ашып жүргізіп, жастарға шараларға белсенді араласу жөнінде ұсыныстар беріліп, пікір алмасты. Ұсыныстар қабылданып, белсенді жастардың келешектегі шараларға, қоғамдық жұмыстарға атсалысуға шақырды.

0
0
107