Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық конференция

Павлодар облысы бойынша «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс XXX конференциясында филиал төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі анықталды. Дауыс беру Primaries.kz сайтында электронды жүйе бойынша жүргізілді. Бүгін праймериздің бірінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған 16 үміткер Парламенттің төменгі палатасындағы орындарға күресті. Шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де саланы қарастырған жаңа тұлғалар қосылды. Облыстың барлық тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алатын қоғамдық пікірталастар нәтижесінде 112 конференция делегаттары таңдаған кандидаттарына онлайн режимінде өз дауыстарын берді. Облыс тұрғындары қатысушылар орындауларын тікелей эфирде тамашалай алды. Конференцияға дайындық кезінде праймеризге қатысушылар партияның Павлодар облысындағы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына сүйенді. Партияішілік іріктеу кезінде павлодарлықтардан екі мыңнан астам тапсырыс түсті. Облыс тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерінің 80 пайызы партия филиалының сайлауалды бағдарламасына енгізілді. Өңірді дамытудың жеті негізгі басымдығы айқындалды - бұл одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, жастарды жұмыспен қамту, өмір сапасын арттыру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мәдени мұраны дамыту және сақтау мәселелері болды. Бүгінгі пікірсайыс барысында үміткерлер проблемаларды шешу мақсатында өз көзқарастарын ұсынды. - Мен елімнің жағдайына бей-жәй қарай алмаймын. Ол үшін бүкіл өмірлік тәжірибемді және білімімді қоғам игілігі үшін қолдануға дайынмын. Қолдау көрсеткен партияластарым алғыс айтамын. Мен олардың сенімдерін ақтауға тырысамын, өйткені біздің бағдарлама отандастарымның нұсқауларынан, олардың тілектері мен үміттерінен толық құралған! - деді Гүлнәр Қайдарова. Дауыс берудің алғашқы төрт жетекшісі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға партиялық тізімге ұсынылды. Олардың арасында жас жетекші Данияр Айтышев та бар. - Мен жастардың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратындардың мүдделерін қорғаймын. Менің ауылда жұмыс жасағаныма 4 жыл болды. Жастарға арналған жатақханада тұрамын, ауылдың және жастардың мәселелерін жақсы білемін. Ең алдымен, мен ауыл жастарын еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, оларды жұмыспен қамту мәселесін көтеремін, - деді үміткер Данияр Айтышев. Сондай-ақ, праймеризге қатысушылардың ішінен ең жоғары рейтингі бар, Павлодар облыстық мәслихатына 51 үміткер ішінен тізім құрылды. Соңғы шешім ХХ партия съезінде қабылданады. Партияішілік іріктеу нәтижелері бойынша «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттарының құрамы 67%-ға жаңартылады. - Бұған дейін айтылғандай, праймериз біздің депутат кандидаттарына жаңа серпін берді. Орташа жас кем дегенде он жылға кеміді - 44 жасты құрайды. Сондай-ақ, партия мықты және бәсекеге қабілетті тұлғалармен толықты. Құрамда сапалы жобаны жүзеге асыратын нәзік жандылар мен жастар бар, - деп «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко атап өтті. Партиялық тізімге дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне Анатолий Бойчин – 95 дауыс, Гүлнар Қайдарова – 82 дауыс, Жанат Шұғаев – 73 дауыс, Данияр Айтышев - 58 дауыс болып тізімді көш бастады. Кандидаттардың партиялық тізімі құрылды. Электрондық дауыс беру нәтижелерін Primaries.kz сайтынан білуге болады. Сондай-ақ, облыстық филиалдың сайлау алдындағы қоғамдық штабы құрылды, оған белгілі беделді партиялықтар, қоғамдық пікір көшбасшылары кірді. Облыстық сайлауалды штабының жетекшісі болып партияның Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, орынбасарлары - Мейрам Бегентаев пен Динара Айтжанова тағайындалды. Конференция соңында 25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ХХ съезге қатысатын делегаттар сайланды. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау келесі жылдың 10 қаңтарына жоспарланған. «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
132

Осы тақырып бойынша