Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезі өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті.Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды.«30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустрияландыру және шетелден келген инвестиция өнімділікті арттыруға қозғаушы күш болды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді», - деді Елбасы.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында этникалық әртүрлілікті артықш…

0
0
206

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді», – деді партия Төрағасы.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен оның жеңімпаздарының сапалық құрамына тоқталды.

Толығырақ: Elbasy.kz сайтында

0
0
117

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезін қорытындылап, сөз сөйледі

«Әр партия үшін съезд өткізу - өте үлкен мәселе, өте үлкен кезең, өте үлкен жұмыс саналады. Съезд өткен сайын өткенге қарап, қандай табыстарға жеткенімізді, халық алдындағы бағдарламамыздың орындалу барысын қорытындылаймыз. Бүгінде Nur Otan партиясы еліміздегі ең басты саяси күшке айналғанын көріп отырмыз. Осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналды. Халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеді. Мұның бәрі партияның ел болашағына сенімі берік азаматтарды біріктіруінің арқасында мүмкін болды. 30 жылда қандай қиыншылықтардан өтсек те, біз елімізді айтарлықтай өсіп-өндірдік, халықтың әл ауқатын жөндедік. Жалпы, осы жылдардың ішінде басқа ұлт өсіп шықты. Көзімізбен көріп отырмыз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

0
0
178

"Zoom" палатформасындағы онлайн жиын

22 қазан күні Жылыой Аудандық мәслихат депутаты Майлыбаев Талғат Қабдешұлы "Мықты көшбасшы, мықты партия" - тақырыбы аясында «Жылыоймұнайгаз» БПҰ мүшелерімен «Zoom» платформада өндірістік кәсіпорын мүшелері және азаматтық қоғам өкілдерімен 20 адамды қамти отырып, онлайн кездесу жүргізді.

0
0
127

Желтоқсанда неше күн демалыс болады?❄️

Желтоқсанда қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады. ⠀ Сенбі және жексенбіден бөлек, қазақстандықтар сейсенбі, 1 желтоқсанда демалады. Бұл — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. ⠀ Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн, яғни, 16, 17, 18, 19 желтоқсан күндері демалады. Айта кетейік, 18 желтоқсандағы демалыс күні жексенбі 20 желтоқсанға ауысады.

0
0
191