Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезін қорытындылап, сөз сөйледі
«Әр партия үшін съезд өткізу - өте үлкен мәселе, өте үлкен кезең, өте үлкен жұмыс саналады. Съезд өткен сайын өткенге қарап, қандай табыстарға жеткенімізді, халық алдындағы бағдарламамыздың орындалу барысын қорытындылаймыз. Бүгінде Nur Otan партиясы еліміздегі ең басты саяси күшке айналғанын көріп отырмыз. Осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналды. Халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеді. Мұның бәрі партияның ел болашағына сенімі берік азаматтарды біріктіруінің арқасында мүмкін болды. 30 жылда қандай қиыншылықтардан өтсек те, біз елімізді айтарлықтай өсіп-өндірдік, халықтың әл ауқатын жөндедік. Жалпы, осы жылдардың ішінде басқа ұлт өсіп шықты. Көзімізбен көріп отырмыз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
