Партияның кезектен тыс ХХ съезі. ХХ съезд партии "Nur Otan"



Жиынға "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының" жетекші маманы С.Зулхожаев қатысып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар мен мониторингтік топтың жұмыстары жөнінде баяндап берді.Өз сөзінде жетекші маман С.Зулхожаев: "Жалпы адамдар "COVID-19" инфекциясы жөнінде алғашқы кезде түсінбеушілік танытып, сенбей жатты деуге де болады. Осы салдардың әсерінен көбіне алдын-алу шаралын сақтамай жүрді. Бірақ та жағдайды түсіндіру жұмыстары бір қалыпқа түскеннен кейін, халық түсіністікпен қарап, жағдайдың одан әрі ушықпауына үлес қосып жатыр десек те болады". Жиын соңында көпшілік жерге шоғырланбай, маска тағып жүруді, соның ішінде азық-түлік дүкендеріне міндетті түрде маска тағып баруды ескертті. Той-садақа секілді адамдар көп шоғырланатын жерге барудан…

"Жаңа Қаратон" БПҰ Төрағасы С. Баймұратов Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауынмен таныстырды. Кездесуге білім бөлімі мамандары, сала қызметкерлері жастар қатысты.


Түпқараған орталық аудандық аурахасы медбикелері "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ардагерлердің үйіне барып, хал-жағдайын сұрап, тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Медбикелер ардагерлердің дене қысымын өлшеп, қажетті дәрілерді берді. Ардагерлер медбикелерге осындай көрсетіп жатқан көмектері үшін өз алғыстарын білдірді.
#Тұпқарағанауданы

Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалында XXXII кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлау туралы бір мәселе қаралды. Жиналыс барысында аудандық мәдениет үйі бөлім меңгерушісі Ж.Жұмабаева және аудандық мәдениет , дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы А.Абылова өз сөздерінде конференцияға бпұ мүшелері ретінде, партия мүшелерінің жауапкершілігі негізгі міндет екендігіне тоқталды.