Аудандық филиалдың конференция залында қазіргі эпидемиологиялық ахуал жайында жиын өтті.
Жиынға "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының" жетекші маманы С.Зулхожаев қатысып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар мен мониторингтік топтың жұмыстары жөнінде баяндап берді.
Өз сөзінде жетекші маман С.Зулхожаев: "Жалпы адамдар "COVID-19" инфекциясы жөнінде алғашқы кезде түсінбеушілік танытып, сенбей жатты деуге де болады. Осы салдардың әсерінен көбіне алдын-алу шаралын сақтамай жүрді. Бірақ та жағдайды түсіндіру жұмыстары бір қалыпқа түскеннен кейін, халық түсіністікпен қарап, жағдайдың одан әрі ушықпауына үлес қосып жатыр десек те болады".
Жиын соңында көпшілік жерге шоғырланбай, маска тағып жүруді, соның ішінде азық-түлік дүкендеріне міндетті түрде маска тағып баруды ескертті. Той-садақа секілді адамдар көп шоғырланатын жерге барудан уақытша тиылу керектегін баса айтты. Себебі науқастардың көбі той-садақа секілді жиындардан жұқтырып алғандығын айтқан болатын. Сөз соңында мониторингтік жұмыстар жалғасын табатынын айта өтті.
#Түпқарағанауданы
