Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылөзен ауылында орналасқан "Қарағантүбек" ЖШС мекемесінің мамандарымен кездесу өтті

Қарағантүбек – 1984 жылы ауыл орталығында Түпқараған асыл тұқымды совхозы болып ашылып, кейін 1994 жылы совхоз "Қарағантүбек" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазір «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» болып жұмыс істеуде. Негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы - асыл тұқымды қаракөл қойы. Шаруашылықтың алғашқы басшылары Ә.Бегебайов, Ж.Нұрлаев, Т.Қалжанов, А.Лұқпанов, Қ.Дүйішов, Д.Өтебалиев және А.Шарипов деген азаматтар. Ауыл халқының негізгі тіршілік көзі "Қарағантүбек" ЖШС асыл тұқымды қаракөл, еділбай қойлары мен жылқыларын өсірумен айналысады. Қазіргі мекеме басшысы А.Есқалиева. Кәсіпорында барлығы 38 қызметкер жұмыс істейді. Мал шаруашылығымен айналысатын 9 (тоғыз) мал ауылдары бар. Олар: Бегеш, Түбежік, Мұрынқора, Сұршоқы, Қызылсығыра, Ақшоқы, Нұрқабай, Ағаштыбау…

1
0
445