Мазмұнға өту

Жаңа

Ахмад — нағыз көшбасшы

«Белсенді жастар» акциясының бүгінгі қатысушысы — «Jas Otan» жастар қанатының мүшесі Ахмад Каимов.20-жасар Ахмадтың жетістіктері көп. Жас та болса, бас бола білген ол осы уақытқа дейін «Jas Otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары, Достық Үйі Жастар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарып үлгерді. 2018 жылы өткен «Достық FEST» республикалық фестивалінде «Сөз шебері» номинациясының жеңімпазы атанып, қала даңқын асқақтатты. Қалалық іс-шаралардың белсенді қатысушысы, ерікті. Осыдан төрт жыл бұрын күрестің грэплинг түрімен айналыса бастап, спортта да едәуір жетістіктерге қол жеткізді.- Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Салауатты өмір салтын ұстанған адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады, — дейді Ахмад. — Ұлы ойшыл Ибн Сина денсаулық пен өмірді дамыту үш…

0
0
253

Жатақханаларды тексерді

Жасотандықтар студенттердің өмірін жақсарту мақсатында жоғары оқу орындарының және колледждердің жатақханаларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

- Бүгін біз Екібастұз политехникалық колледжі жатақханасының жағдайымен танысып қайттық, — деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Геннадий Арсютин. — 22 студентке лайықталған жатақхана былтыр ашылған. Ол заманауи талаптардың барлығына сай келеді. Бөлмелер төсек-орын жиынтықтары, үстел, төсек, шкаф сияқты қажетті жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар жатақханада кір жуғыш машиналары, үтіктеу тақталары және ыдыс-аяқ бар.

Г.Арсютиннің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасатын болады.

0
0
197