Жатақханаларды тексерді
Жасотандықтар студенттердің өмірін жақсарту мақсатында жоғары оқу орындарының және колледждердің жатақханаларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
- Бүгін біз Екібастұз политехникалық колледжі жатақханасының жағдайымен танысып қайттық, — деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Геннадий Арсютин. — 22 студентке лайықталған жатақхана былтыр ашылған. Ол заманауи талаптардың барлығына сай келеді. Бөлмелер төсек-орын жиынтықтары, үстел, төсек, шкаф сияқты қажетті жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар жатақханада кір жуғыш машиналары, үтіктеу тақталары және ыдыс-аяқ бар.
Г.Арсютиннің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасатын болады.
