Мазмұнға өту

Жаңа

Озерка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті.

"Nur Otan" партиясының мүшелері, қалалық мәслихаттың депутаты Айнұр Арғынбекова мен Семей қаласының қоғамдық кеңесінің жетекшісі депутат Зульфия Жамалтдинова Озерка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Айнұр Арғынбекова "Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары негізінде әзірленген сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Ол сондай - ақ ауылдық аумақтарды дамытуды көздейтін "Ауыл-ел бесігі" партиялық жобасы туралы айтты. Жобаға сәйкес, Озерка ауылдық округінде 2025 жылға дейін әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу және салу жұмыстары жоспарланған. Мәселен, 2022 жылы кентішілік жолдар жөнделеді, сондай – ақ Озерки ауылындағы мектеп, ал кейінгі жылдары тағы 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле…

0
0
158

"Ұлы тұлға –Қадір Маткенов"

Бүгінде Қарсақбай десе Қадыр Мәткеновтің есімі еске түседі. Сонау Көкше жерінде туып, Қазақ политехникалық институтында инженер-металлург мамандығын алып өмірдей жас кезінде Қарсақпай кентіне келген ол жарты ғасырға жуық табан аудармай қарашаңырақта еңбек етсе, соның 33 жылында зауыт директоры болды. Металлургия зауытын біржола жауып тастау мәселесі туындаған қиын кезеңде өндірісті сақтап қалған осы Қадыр аға болатын. Шойын құятын өндіріске айналдырып Қарсақбайдың екінші өмірін бастап берген Қ.Мәткенов ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Жезді және Ұлытау аудандарының Құрметті азаматы сияқты көптеген мәртебелі аттақа қол жеткізген еді. Өмірден өтсе де ол кісі бүгінде қарсақбайлықтардың көңілінен өшпейтін тұлға.

0
0
277

"Бақытты отбасы"партиялық жобасы аясындағы кезекті кездесу

Исаинова Мустахима Малашқызы- Аналар кеңесінің төрайымы ашып жүргізді. Аудандағы Бақытты отбасы Арыстан Хайдардың өмірлік үлгісімен сырласу сұхбаты өтті. Бұл жиынға Көп балалы аналар, партия мүшелеріндегі жас отбасылар қатысып өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесудің соңында Хайдар аға мен Тойған апаның немерелері өз өнерлерін ұсынып, күмбірлеген күй төкті.

0
0
165

"Еңбек қатынастары және еңбек заңнамасының бұзылуы" тақырыбында тікелей эфир өткізілді.

25 қараша күні сағат 15:00-де "Nur Otan" партиясы Семей қалалық филиалының ресми аккаунттарында "Еңбек қатынастары және еңбек заңнамасының бұзылуы" тақырыбында тікелей эфир өткізіліп, баолық сұрақтарға Семей қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы - бас маманы Абдулкаримова Нургуль Назарбековна жауап береді. 25 ноября в 15:00 в официальных аккаунтах Семейского городского филиала партии "Nur Otan" состоится прямой эфир на тему "Трудовые отношения и нарушения трудового законодательства". На все вопросы, связанные с данной проблемой, ответила Главный специалист- Государственный инспектор труда по городу Семей Абдулкаримова Нургуль Назарбековна. #NurOtan #NurOtanSemey

0
0
226

Атаулы әлеуметтік көмек

"Арай" мәдениет үйінде, аудан әкімі Шахин Аққанат Әлішбекұлы мен Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Жандарбек Тасымұлы жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізді. Жиын барысында, аудан тұрғындары бірқатар ой-пікірлерін ортаға салды.

Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекке қатысты азаматтар тарапынан туындаған сұрақтарға тиісті заңдар аясында жауап берілді.

0
0
176

Ұшақтар мен Комсомольский ықшам аудандарының тұрғындарымен кездесу өтті

24.11.2020 жылы «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азат Сарпеков Ұшақтар мен Комсомольский ықшам аудандарының тұрғындарымен инфрақұрылым мәселелері бойынша кездесу өткізді, сонымен бірге «Өз үйім» және «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламалары бойынша салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексерді. Ұшақтар мен Комсомольский ықшам аудандарының тұрғындарын сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету бағдарламаларын жүзеге асыру аяқталды. Электр желілері қазіргі таңда тұрғын үйлерге қосылған. Әр жер учаскесінде құбыр жүйесі бар. Барлық нысандар іске қосылды. Сонымен қатар, Комсомольский ауданында көпбалалы отбасыларға арналған 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сумен қамту жұмыстары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізілді. Келесі жылы жолдар салу және көшелер…

0
0
136

Халықаралық зағиптар күні мерекесі

«13 қараша-Халықаралық зағиптар күніне арналған бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты-зағип жандардың басын біріктіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау. Дауыстап оқып беру, кездесулер, саяхатқа алып шығу сияқты зағип жандарға арналған біршама мәдени шараларды ұдайы өткізіп отыруымыз қажет.

Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау-біздің баршамыздың азаматтық парызымыз. Бұл туралы тұңғыш Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да баса айтты.Түрлі шығармашылық кештерде әдебиет пен өнерді (жыр жазу, өлең оқу, тоқыма тоқу) өздеріне медет тұтқан зағип жандардың жетістіктері туралы да сөз болды.

0
0
289