Халықаралық зағиптар күні мерекесі
«13 қараша-Халықаралық зағиптар күніне арналған бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты-зағип жандардың басын біріктіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау. Дауыстап оқып беру, кездесулер, саяхатқа алып шығу сияқты зағип жандарға арналған біршама мәдени шараларды ұдайы өткізіп отыруымыз қажет.
Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау-біздің баршамыздың азаматтық парызымыз. Бұл туралы тұңғыш Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да баса айтты.Түрлі шығармашылық кештерде әдебиет пен өнерді (жыр жазу, өлең оқу, тоқыма тоқу) өздеріне медет тұтқан зағип жандардың жетістіктері туралы да сөз болды.
