"Ұлы тұлға –Қадір Маткенов"
Бүгінде Қарсақбай десе Қадыр Мәткеновтің есімі еске түседі. Сонау Көкше жерінде туып, Қазақ политехникалық институтында инженер-металлург мамандығын алып өмірдей жас кезінде Қарсақпай кентіне келген ол жарты ғасырға жуық табан аудармай қарашаңырақта еңбек етсе, соның 33 жылында зауыт директоры болды. Металлургия зауытын біржола жауып тастау мәселесі туындаған қиын кезеңде өндірісті сақтап қалған осы Қадыр аға болатын. Шойын құятын өндіріске айналдырып Қарсақбайдың екінші өмірін бастап берген Қ.Мәткенов ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Жезді және Ұлытау аудандарының Құрметті азаматы сияқты көптеген мәртебелі аттақа қол жеткізген еді. Өмірден өтсе де ол кісі бүгінде қарсақбайлықтардың көңілінен өшпейтін тұлға.
