Мазмұнға өту

Жаңа

Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы шешім қабылдады.

2020 жылғы 26 қараша күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Исаев Ә.Ә., аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Казцик»БПҰ төрағасы, округ әкімі Оңалбаев Ж.Ч. қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, Партия мүшелерінің Әдеп кодексін, партиялық тәртіпті сақтау, партия Жарғысы ережелерінің орындалуы және партиялық мүшелік жарнаның уақытылы жиналуын қамтамасыз ету бойынша «Казцик» БПҰ-да атқарылған жұмыстар жайлы төрағасы Ж.Оңалбаев есеп берді.Жасұлан Чералыұлы өз сөзінде «КазЦИК» бастауыш партия ұйымында 4 партиялық топ тіркелгені, жалпы 2019 жылы бастауыш партия…

0
0
183

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көрсетілетін көмек

2020 жылғы 26 қараша күні Іле ауданы бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық Саяси кеңес мүшелері, БПҰ төрағалары «Жетіген» БПҰ төрағасы Н.Абилев, «Байсерке» БПҰ төрайымы Т.Көпбаева көп балалы отбасыларына барып, кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Жетіген ауылы тұрғыны, 5 балалы ана, мүгедек бала қараушысы Анар Қалиевамен әңгімелесіп, отбасы жағдайымен танысып, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көрсетілетін көмек т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.

0
0
324

Aудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ерекше қажеттілігі бар жандармен кездесті.

Кездесу барсында өзекті мәселелер талқыланып шешу жолдары қарастырылды. Мәселен, Подстепный ауылында тұратын ерекше қажет ететін азаматтар және ерекше балаларды тәрбиелейтін отбасылар инва-такси мәселесін көтерді. Инва-такси қазіргі таңда тек аудан арасында жүретін болғандықтан қалаға бармайды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен хабарласып инва-такси қалаға баратындай маршрутты бекітетін қаулы әзірленуде, 2021 жылдан бастап жүретіндігін хабарлады.

0
1
314

Қазақстан Респбуликасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.

26 қараша күні, сағат 10-00де аудандық филиалдың мәжіліс залында Қазақстан Респбуликасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау бойынша жиын өтті. Жиынға Іле аудандық «Атамекен»кәсіпкерлер палатасының өкілі А.Баймұрзаев, аудандық мәслихат депутаты Г.Ерубаева, жеке кәсіпкер Н.Түймелиев, жастар қатысты. Шара барысында Г.Ерубаева Жолдаудың басым бағыттары жайлы қысқаша хабарлама жасады, соңынан шараға қатысушылар шағын және орта бизнесті, жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің маңыздылығына тоқталып, өзара пікір алмасты.

0
0
130