Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы шешім қабылдады.

2020 жылғы 26 қараша күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Исаев Ә.Ә., аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Казцик»БПҰ төрағасы, округ әкімі Оңалбаев Ж.Ч. қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, Партия мүшелерінің Әдеп кодексін, партиялық тәртіпті сақтау, партия Жарғысы ережелерінің орындалуы және партиялық мүшелік жарнаның уақытылы жиналуын қамтамасыз ету бойынша «Казцик» БПҰ-да атқарылған жұмыстар жайлы төрағасы Ж.Оңалбаев есеп берді.Жасұлан Чералыұлы өз сөзінде «КазЦИК» бастауыш партия ұйымында 4 партиялық топ тіркелгені, жалпы 2019 жылы бастауыш партия мүшелерінің саны 516 болса, 2020 жылы 455 адамды құрайтыны жайлы айтты. Елімізде орын алған жағдайға байланысты жаңадан партия мүшесіне қосылған азаматтар партияның Жарғысының ережелері және Әдеп кодексімен онлайн форматта таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілгені, партиялық мүшелік жарналар уақытылы жиналып отыратыны, жыл басынан бері «КазЦИК» бастауыш партия ұйымы мүшелері тарапынан Әдеп кодексі мен партиялық тәртіпті сақтамау немесе бұзу фактілері тіркелмегені жайлы айтты.Сонымен қатар, 2020 жылғы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және Жолдауда берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша зум платформасы арқылы бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен кедесулер, конференция ұйымдастырылғаны жайлы айтты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзара сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы шешім қабылдады.

0
0
154

Осы тақырып бойынша

Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы шешім қабылдады. - Yvision.kz