«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көрсетілетін көмек
2020 жылғы 26 қараша күні Іле ауданы бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық Саяси кеңес мүшелері, БПҰ төрағалары «Жетіген» БПҰ төрағасы Н.Абилев, «Байсерке» БПҰ төрайымы Т.Көпбаева көп балалы отбасыларына барып, кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Жетіген ауылы тұрғыны, 5 балалы ана, мүгедек бала қараушысы Анар Қалиевамен әңгімелесіп, отбасы жағдайымен танысып, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көрсетілетін көмек т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.


