Aудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ерекше қажеттілігі бар жандармен кездесті.
Кездесу барсында өзекті мәселелер талқыланып шешу жолдары қарастырылды. Мәселен, Подстепный ауылында тұратын ерекше қажет ететін азаматтар және ерекше балаларды тәрбиелейтін отбасылар инва-такси мәселесін көтерді. Инва-такси қазіргі таңда тек аудан арасында жүретін болғандықтан қалаға бармайды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен хабарласып инва-такси қалаға баратындай маршрутты бекітетін қаулы әзірленуде, 2021 жылдан бастап жүретіндігін хабарлады.

