Мазмұнға өту

Жаңа

Мерекелік кездесу өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясының мәжіліс залында 1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік кездесу өтті. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтады. Сөз кезегінде Елбасымыздың салып кеткен сара жолын, тарих сахнасында қалдырған ізін шолып өтті. Одан кейін "Nur Otan" партиясына қабылданған бір топ жастарға партия билетін табыстады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелген А.Ермекқалиев пен Ә.Досмұхамбетовке куәлік табыс етілді.

0
0
103

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

#NurOtan

#BIRINSHI

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

0
0
111

1 желтоқсан күні – Тұңғыш Президент күні

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.

0
0
188

"Ұрпақтар сабақтастығы" арнайы жобасы бірнеше жастарға рухани білім береді

Nur Otan" партиясының игі бастамасы "Ұрпақтар сабақтастығы" арнайы жобасы бірнеше жастарға рухани білім береді. Жоба жастарды өзара келісім мен татулыққа, өткеннің өнегесін, бүгіннің үлгісін, келешектің кемел ісін баянды етуге бағытталған. Жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні маңызды болып отыр. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттылық бағытында, адамгершілік тақырыбында, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтар, денсаулық сақтау тақырыбында әңгіме айтылуы сиреп барады.

Осыған орай, , бүгін «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиевтың қатысуымен

Құрманғазы аудандық «Jas Otan» Жастар қанаты белсенділерімен кездесу өтті.

1
0
261

Айтулы мерекеде яғни

«Nur Otan» Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов ауданымыздың білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандармен жүздесті. Мәлік Аманбайұлы пандемия деп бүкіл әлем шулаған қиын-қыстау кезде оқушылар мен бүлдіршіндерге білім нәрін беріп жүрген ұстаздар мен тәрбиешілерді мерекемен құттықтап, алғыс білдірді.

0
0
154

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында

Жиынға партияның ардагер мүшесі Сағымбала Құлсейітқызы, партияға жаңадан қабылданған жас буын мен ауданның белсенді жастары қатысты. Айтулы мерекеде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов барша қауымды мерекемен құттықтады. Атап айтсақ, Сағымбала Құлсейітқызы «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Ал, партияға жаңадан қабылданған жас буын Сайлау Серікбол, Жеңіс Кәрімов және Динарзада Яшаровна партиялық билеттерін алды.

0
0
163

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай #Birinshi онлайн- челленджі.

2020 жылдың 27 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім» орталығында 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай « Ұлы халықтың-ұлы қолбасшысы» атты тақырыптық-танымдық сағат өтті. Мақсаты: Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру;

Іс-шара барысында оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова оқырмандарға Елбасының туған жері, өскен ортасы туралы отбасы жайлы баяндап берді. Оқырмандар назарына « Менің тұңғыш Президентім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай #Birinshi онлайн- челленджі

0
0
194