ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында
Жиынға партияның ардагер мүшесі Сағымбала Құлсейітқызы, партияға жаңадан қабылданған жас буын мен ауданның белсенді жастары қатысты. Айтулы мерекеде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов барша қауымды мерекемен құттықтады. Атап айтсақ, Сағымбала Құлсейітқызы «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Ал, партияға жаңадан қабылданған жас буын Сайлау Серікбол, Жеңіс Кәрімов және Динарзада Яшаровна партиялық билеттерін алды.
