1 желтоқсан күні – Тұңғыш Президент күні
Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.
