Мазмұнға өту

Жаңа

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында кезекті партиялық мониторинг

Барлық ғимараттың пандустары стандартқа сай болуы шарт. «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасымен мүшелері әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі ерекше азаматтарға пандустың қол жетімді болуы, олар өздері кез-келген өзіне қажетті ғимараттарға еш кедергісіз кіріп шығуы үшін пандустармен қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда жаңадан салынатын құрылыс жобаларына пандус міндетті түрде кіргізіледі және соңғы талап бойынша арбамен мінетін адамның екі жағында қосалқы арқалығы болуы шарт. Осы істер партиямыздың «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

0
0
135

Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен еліміз үшін аса маңызды іргелі істер жүзеге асты: шекарамыз шегенделіп, жаңа елордамыз бой түзеді. Семей полигонын жабу, этносаралық келісімді қамтамасыз ету, нарықтық экономика мен заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру, демографиялық дағдарысты еңсеру сияқты және басқа да көптеген мәселелер шешілді», – деді «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек. Оның айтуынша, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың және халықтың қолдауының арқасында «Nur Otan» партиясы уақыт талабына сәйкес өмірлік маңызды реформалар жүргізіп отырған еліміздің жетекші саяси күшіне айналды.«Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» партиясы әрқашан негізгі үш қағиданы басшылыққа алады және оны берік ұстанады. Бұл – жауапкершілік, бірлік және ортақ мақса…

0
0
208

Партиялық мониторинг жүргізілді

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні "Аудандық мәдениет үйі бастауыш партия ұйымы" мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ өмір сапасын арттыруға бағытталған "Кедергісіз келешек" жобасы аясында әлеуметтік бейімделген бірқатар нысандарға партиялық мониторинг жүргізді.

Кездесу өтті

Пікір жетекшілері аудандық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес төрағасы Д.Садыков және Форт-Шевченко қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қ.Жеткізгенов Қызылөзен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу ашық форматта өтті, тұрғындар спикерлерді тыңдап қана қоймай, олармен өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

0
0
120

«Елін сүйген Елбасы» атауымен дөңгелек үстел өткізілді

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахмановтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Тұңғыш Президент күніне байланысты өткен жиын барысында Елбасының ерлігі мен елдің бүгінгі жетістігіне жетудегі батыл қадамдары айтылды. Сонымен қатар, Елін сүйген, елі сүйген Елбасының тың бастамаларының сеп болуымен еліміздің бірлігі мен берекесі, тұрақтылығы мен татулығы артқаны да негізгі сөз болды. Жиында бұл мерекенің шығу тарихы мен атап өтудегі негізгі мақсатқа да тоқталды.Аталған жиынға қатысушылар болса мереке аясында өткізген түрлі іс-шаралары жайында айтып, еліміздің келешегі кемел болуы жолында өзіндік үлестерін қосатындарын да жеткізді. Сондай-ақ, ел мерейінің беделі биікте болуы мақсатында толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту зор…

0
0
204

VI кварталға газ берілді

Көптен күткен қуаныш. Сайын Шапағатов ауылының 6-кварталына көгілдір отын келді. Өткен жылы басталған магистралдың ұзындығы - 65 шақырым. Осылайша қыс басталмай кварталдағы 1300-ден астам үйге толық көгілдір отын тартылды. Отанасы Қалжан Сахнова жанұясымен бірге екі жыл бұрын Қарақия ауданынан қоныс аударған. Сол уақыттан бері үйді тоқ пештерімен жылытып, ас-су үшін пропан қолданып келген. Енді, міне, газбен бірге үйге су да келді. Бұрын суды да шелектеп тасып ішкен. Алтыншы кварталдағы елдің қуанышына облыс басшысы да ортақтаса барды. Бұл кварталға көшіп келушілер қатары қалың, сондықтан алда мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандар да бой көтеретінін жеткізді.Толығырақ:http://mangystautv.kz/kz/news/society/vi-kvartalga-gaz-berildi?_utl_t=fb&fbclid=IwAR0Z48GGbG0X_LFXgyp8k_aPGsgQFqvOkA-…

0
0
145

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтті.

Алдымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бірінші орынбасары Елубай Әбілов қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Елбасының ерен еңбегін атап өтті. Содан соң қатысушыларға партия билеттерін табыстап, олардың өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтады. Өз кезегінде партияның жаңа мүшелері партияға кіру үлкен құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. «Партия қатарына кіру біз үшін есте қаларлық және өте жауапты сәт. Ойластырылған шешімнің нәтижесі, азаматтық ұстанымның көрінісі», - деп атап өтті олар. Партия қатарына кіргендердің арасында кәсіпкерлер, медицина қызметкерлері, әлеуметтік және басқа да қызмет салаларының өкілдері бар. «Осы жылы НАРХОЗ университетін бітіргеннен кейін туған қаласы Форт-Шевченкоға оралдым. Жастар орталығында жұмыс істеп, "Мәде…

0
0
139