Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды
«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен еліміз үшін аса маңызды іргелі істер жүзеге асты: шекарамыз шегенделіп, жаңа елордамыз бой түзеді. Семей полигонын жабу, этносаралық келісімді қамтамасыз ету, нарықтық экономика мен заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру, демографиялық дағдарысты еңсеру сияқты және басқа да көптеген мәселелер шешілді», – деді «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек.
Оның айтуынша, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың және халықтың қолдауының арқасында «Nur Otan» партиясы уақыт талабына сәйкес өмірлік маңызды реформалар жүргізіп отырған еліміздің жетекші саяси күшіне айналды.
«Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» партиясы әрқашан негізгі үш қағиданы басшылыққа алады және оны берік ұстанады. Бұл – жауапкершілік, бірлік және ортақ мақсатқа деген адалдық. Біз алдағы сайлау науқанына тыңғылықты дайындалдық. Әр өңір, қала және аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды талдау негізінде сайлауалды бағдарламалардың 216 жобасы әзірленді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, праймериз барысында халықтан 20 мыңға жуық талап-тілек жиналды. Олардың басым бөлігі партияның алдағы бес жылдық «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына енгізілді», – деді Б.Байбек.
Партияның қатарына кіргендердің арасында травматолог-дәрігер, ортопед Олжас Бекарысов, заңгер Анара Құсайынова, «Biz birgemiz» республикалық акциясының белсенді қатысушысы, инженер Данияр Дүкенбаев, ғалым, «агрономия» мамандығы бойынша PHD докторы Марден Байдалин, мәдениет өкілі Асхат Мәден, Ақмола облысының спортшысы Светлана Прокопьева, заң консультанттары палатасының мүшесі Жанар Досетова, информатика пәнінің мұғалімі Нияз Талғатұлы және Шымкент қаласының жастар ісі жөніндегі университет комитетінің төрайымы Айдана Айнабек партия билеттерін алды.
#NurOtan
