Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

VI кварталға газ берілді

Көптен күткен қуаныш. Сайын Шапағатов ауылының 6-кварталына көгілдір отын келді. Өткен жылы басталған магистралдың ұзындығы - 65 шақырым. Осылайша қыс басталмай кварталдағы 1300-ден астам үйге толық көгілдір отын тартылды. Отанасы Қалжан Сахнова жанұясымен бірге екі жыл бұрын Қарақия ауданынан қоныс аударған. Сол уақыттан бері үйді тоқ пештерімен жылытып, ас-су үшін пропан қолданып келген. Енді, міне, газбен бірге үйге су да келді. Бұрын суды да шелектеп тасып ішкен. Алтыншы кварталдағы елдің қуанышына облыс басшысы да ортақтаса барды. Бұл кварталға көшіп келушілер қатары қалың, сондықтан алда мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандар да бой көтеретінін жеткізді.

Толығырақ:

http://mangystautv.kz/kz/news/society/vi-kvartalga-gaz-berildi?_utl_t=fb&fbclid=IwAR0Z48GGbG0X_LFXgyp8k_aPGsgQFqvOkA-JA1-SWTSy7bRTJA7I73AYFnA#

0
0
127

Осы тақырып бойынша

VI кварталға газ берілді - Yvision.kz