Мазмұнға өту

Жаңа

Абай елінің "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты" жастары.

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, «Абай» колледжінің білікті маманы, «Толағай сұлтаны-2019» сайысында ауданымыздың намысын қорғап жеңімпаз атанған Үркімбаев Айдос Тілекұлы «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Т.Б.Қалиевтің алғыс хатын алды. «Nur Otan» партиясының «Жастар Отанға», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» атты партиялық жобаларының ауданымыз бойынша жүзеге асуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген белсенді жасымыз Айдос Тілекұлына алар асуы, шығар белесі көп болсын деп тілейміз.

0
0
187

3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні.

3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні.

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.

Туғанынан өмірдің азабын тартқан жандарға бір көз қырымызды салып, жанына желеу болу, айналамыздағы қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмектесу баршамыздың парызымыз.

Себебі, жақсылық өзімізден басталады.

0
0
184

Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.Жиынға қатысушы азаматтар қоғамдық жұмыстарға араласу, жеке кәсіппен айналысу және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстарын айтып, тақырып аясындағы пікірлерін ортаға салды.Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қала көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әрдайым қолдау барын тілге тиек етті.Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүрулері үшін ұсыныс-пікірлері әркез назарға алынуы тиіс. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да осы бағытта. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» және «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес жыл басынан бері қа…

0
0
376

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді

Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару

0
0
284

Құрметті ағайын!

Баршаңызды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Әрбір қазақ азаматына амандық, зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Армандарыңыз орындалсын. Жамандық қашып, тек жақсылық нәсіп болсын. Партия әрқашан Сіздермен бірге! Біз біргеміз!

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы

0
0
190

«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу.

03.12.2020 жылы «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жастардың ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге Алатау аудандық «Намыс» ауған соғысы ардагерлері мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрағасы Айдарбаев Алмасбек Рахимкулович және осы қоғамдық бірлестік төрағасының орындасарлары Амиргалин Сержан Ертаевич, Савиченко Сергей Павлович шақырылып, жастарға патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында көптеген тарихи оқиғалар баяндалды. Қатысушы жастар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу тартымды әңгімелесуге ұласты..

0
0
682

1-желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай салтанатты қабылдау өтті.

"Молықбай Байсақұлы" атындағы аудандық мәдениет үйінде 1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімерекесіне орай салтанатты қабылдау өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Даулетбекова құттықтау сөз сөйледі. Ауданның қоғамдық–саяси өміріне белсене араласып жүрген азаматтарды «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлының Алғыс хатымен марапаттады. Партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билет табыстады. Шара Мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

0
0
191

3 желтоқсан - халықаралық мүгедектер күні

3 желтоқсан - халықаралық мүгедектер күні. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға назар аудартуды көздейтін бұл күн тумысынан немесе түрлі жағдайларға байланысты тағдыр тауқыметін тартып жүрген адамдардың жанына демеу болуымызға себепші болады..Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы шаhардағы 158 мүмкіндігі шектеулі бала мен 34 жалғызбасты мүгедек қарияға үйден қызмет көрсетіп келеді екен. Демек, олар әркез мемлекет қамқорлығында деген сөз.Бала кезінен спорт өнеріне жақын болып өскен жерлесіміз Теміржан Хасанғалиев бүгінде Оралдағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры. Ол көру қабілеті төмен жандар арасында дзюдо күресінен Әлем чемпионатына, Әлем кубогына, Бүкілодақты…

0
0
176