Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абай елінің "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты" жастары.

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, «Абай» колледжінің білікті маманы, «Толағай сұлтаны-2019» сайысында ауданымыздың намысын қорғап жеңімпаз атанған Үркімбаев Айдос Тілекұлы «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Т.Б.Қалиевтің алғыс хатын алды. «Nur Otan» партиясының «Жастар Отанға», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» атты партиялық жобаларының ауданымыз бойынша жүзеге асуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген белсенді жасымыз Айдос Тілекұлына алар асуы, шығар белесі көп болсын деп тілейміз.

0
0
165

Осы тақырып бойынша

Абай елінің "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты" жастары. - Yvision.kz