Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

3 желтоқсан - халықаралық мүгедектер күні

3 желтоқсан - халықаралық мүгедектер күні. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға назар аудартуды көздейтін бұл күн тумысынан немесе түрлі жағдайларға байланысты тағдыр тауқыметін тартып жүрген адамдардың жанына демеу болуымызға себепші болады..

Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы шаhардағы 158 мүмкіндігі шектеулі бала мен 34 жалғызбасты мүгедек қарияға үйден қызмет көрсетіп келеді екен. Демек, олар әркез мемлекет қамқорлығында деген сөз.

Бала кезінен спорт өнеріне жақын болып өскен жерлесіміз Теміржан Хасанғалиев бүгінде Оралдағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры. Ол көру қабілеті төмен жандар арасында дзюдо күресінен Әлем чемпионатына, Әлем кубогына, Бүкілодақтық спорт ойындарына қатысқан. Өмірге құштар Теміржан Сұлтанұлы самбо күресінен КСРО спорт шебері, қазақша күрестен спорт шебері.

Мүмкіндігім шектеулі демей, үлкен биіктерді бағындырып жүрген мұндай азаматтардың іс-әрекеті - көпке үлгі болары сөзсіз.

0
0
155

Осы тақырып бойынша