«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу.
03.12.2020 жылы «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жастардың ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге Алатау аудандық «Намыс» ауған соғысы ардагерлері мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрағасы Айдарбаев Алмасбек Рахимкулович және осы қоғамдық бірлестік төрағасының орындасарлары Амиргалин Сержан Ертаевич, Савиченко Сергей Павлович шақырылып, жастарға патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында көптеген тарихи оқиғалар баяндалды. Қатысушы жастар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу тартымды әңгімелесуге ұласты..


