Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық

демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған. Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын. Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету. Қазақстанда қазіргі уақытта қырыққа жуық діни сенім ө…

0
0
177

Бүгін яғни желтоқсанның төрті күні

"Құралай" шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесіп қайтты. Ондағы басты мақсат ауыл жұртшылығының басым бөлігін жұмыспен қаптып отырған шаруашылықтың жұмыс барысын бақылау болды. Аталған шаруа қожалығы ауылшаруашылығы саласының барлық түрімен айналысады десе де болады. Сондықтан да бұл шаруашылықтың аталған өңір халқына тигізіп жатқан пайдасы мол.

0
0
205

Халықаралық мүгедектер күні

Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.

Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.

0
0
190

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаны түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Арқалық қалалық мәслихатының депутаты, партия бақылау комиссияның мүшесі Абыл Ерденов «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаны түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленді және қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.

Аталған бағдарлама арқылы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жастарға, сондай-ақ, қаладағы оқу орындарының түлектері үшін жақсы мүмкіндік – деді Абыл Ерденов.

0
0
235

Іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдерімен кездесу

Бүгін орта бизнесті қолдау жолдары жайында дөңгелек үстел өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырып, оған Іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдері мен партияның Қаратау аудандық филиялының төрағасының біріншісі орынбасары Әбдез Рахманұлы Иманқұлов қатысты.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында жеке бизнесті бастау және оны дамытуда қиындықтар тудыратын мәселелер сараланды. Әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды.

Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет те бар күшін жұмсауда.

0
0
207