Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық бақылау тобының отырысы өтті

"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес жанындағы мониторинг және қоғамдық бақылау тобының отырысы өтті. Кездесуде балалардың қоғам алдында жеке тұлға ретінде құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы айтылды. Отбасы, әйелдер мәселесі де жан-жақты қаралып, қатысушылар да өз пікірлерін білдірді.

0
0
132

Спорт жарысы өтті

«Жігер–М» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Абдижамилұлы және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты - адамға үйлесімді тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау.

0
0
134

Партия қатарына қабылданған азаматтар қабылданды

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин партия қатарына азаматтарды қабылдады. Партия қатарына қабылданған азаматтар білім, мәдениет саласының өкілдері.

0
0
159

Халықаралық мүгедектер күні

Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.

Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.

0
0
262

Қаратау ауданының тұрғындарымен онлайн тұрғыда кездесу

"Nur Otan" партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Шымкент қалалық маслихаттың депутаты Мусирали Тогузбаев Қаратау ауданының тұрғындарымен онлайн тұрғыда кездесіп тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.Жиында Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесінің жаңында абаттандыру жұмыстары жүзеге асатындығы. Сондай-ақ, Орманшы мөлтекауданындағы қоқыс полигонының орнында саябақ салынатыны жайлы айтылды.

0
0
179

«Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі»

Қаратау аудандық Саяси кеңес мүшелері партия белсенділерімен кездесті. Жиын ZOOM платформасы арқылы «Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі» тақырыбында өтті.

Бүгінде қоғамымыздың рухани келісімде күн кешуі — ел саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы мен Президент тапсырмасы негізінде толық тұрақтылыққа жету үшін мемлекетте бірқатар тындырымды тірліктер де атқарылуда. Осы игі миссияны арқалап, бүгінгі жиында қаламыздағы рухани келісім ахуалы туралы сөз болды. Жиынға қатысқан партия белсенділері тақырып аясында маңызды мәселелерді талқылады.

0
0
108

БПҰ мүшелерімен партиялық жобаларды талқылау

"Қаракеңгір селолық округі" БПҰ мүшелерімен партиялық жобаларды іске асыру барысы туралы онлайн отырыс өтті. Жобаларды іске асыру туралы талқыланды. Жаңадан енгізілетін бірыңғай ақпараттық жүйе, партия мүшелерінің деректер базасы, онлайн қызметтер мен онлайн оқыту алдағы уақытта әрбір партия мүшесі мен тұрғындар арасында байланыс орнатуға, партияның тыныс-тіршілігімен интернет желісі арқылы танысуға мүмкіндік беру.

0
0
121