Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық

демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған. Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын. Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету. Қазақстанда қазіргі уақытта қырыққа жуық діни сенім өкілдері тұрады, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда бүгін ауданның Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Этникалық келісім-қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізі. «Тіл және мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараны Жастар орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев жүргізді. Аталмыш кездесуге ауданның көпұлтты жастары мен тіл және мәдениет саласының мамандары қатысты. Жарқын жүздесу барысында жиналғандар аталған тақырыптың шеңберінде өз ойларын ортаға салып, осындай тату мемлекетте өмір сүріп жатқандары үшін өзара алғыс айтты.

0
0
156

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық - Yvision.kz