«Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі»
Қаратау аудандық Саяси кеңес мүшелері партия белсенділерімен кездесті. Жиын ZOOM платформасы арқылы «Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі» тақырыбында өтті.
Бүгінде қоғамымыздың рухани келісімде күн кешуі — ел саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы мен Президент тапсырмасы негізінде толық тұрақтылыққа жету үшін мемлекетте бірқатар тындырымды тірліктер де атқарылуда. Осы игі миссияны арқалап, бүгінгі жиында қаламыздағы рухани келісім ахуалы туралы сөз болды. Жиынға қатысқан партия белсенділері тақырып аясында маңызды мәселелерді талқылады.
