Қоғамдық бақылау тобының отырысы өтті
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес жанындағы мониторинг және қоғамдық бақылау тобының отырысы өтті. Кездесуде балалардың қоғам алдында жеке тұлға ретінде құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы айтылды. Отбасы, әйелдер мәселесі де жан-жақты қаралып, қатысушылар да өз пікірлерін білдірді.
