Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі!


Әрбір қоғамдық ұйымның мықтылығы бекітілген ережелердің қатаң сақталуында екені мәлім. Біздің Партия үшін де партиялық тәртіптің сақталғаны аса маңызды. Осы мақсатта бастауыш партия ұйымдарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіледі. Жиында Партиялық тәртіп бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен партиялық тәртіпті сақтау бойынша онлайн жиналыс өтті. Онда партия мүшелері арасында партиялық этиканы сақтау, короновирус індеті кезінде қоғамдық орындарды бетперде тағып жүру мен адам көп жиналатын орындардан оқшаулану жайында сөз болды.
«Инклюзивті білім беру» мәселесі бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдермен онлай форматта кездесу өткізілді. Аталмыш тақырыпта З.Н.Усупахметов мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарына инклюзивті білім беру бойынша түсінік беріп отырды. Кәзіргі кезде барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқыту. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек,…
ZOOM конференциясы арқылы «Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Акзамов партия белсенділерімен тікелей эфир өткізді. Эфир барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Акзамов 25 қараша күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі жайында және партия жұмысы туралы баяндады.


Шымкент қаласы және Түркістан облысы Әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төраймы Жандосова Баян Айтбекқызы жоғарыда аталған мәселе бойынша Шымкент қаласындағы отбасылық жағдайы қиын және де мүмкіндігі шектеулі балалар,ата-аналардың үйлеріне барып аулаларындағы пандустардың мүмкіндігі шектеулі жандарға кедегісіздігін көріп қайтты. Қәзіргі таңда олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның парызы деп ойлаймын. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінген. Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қоғамдық ортамызды кедергісіз аймаққа сізбен біз болып айналудыруымыз керек екенін айтқы…
Тұңғыш президент күніне орай Шұбарқұдық кәсіпшілігі модельді кітапханасында "Елбасы және Қазақстан!" тақырыбы бойынша Елбасының ерең еңбегін дәріптеу мақсатында фотоматериалдан, кітаптардан және плакаттардан жасақталған көрме өтті. Көрмеге кітапханананың тұрақты оқырмандары қатынасты. Кітапханашы А.Коспанова көрме бойынша Елбасы туралы толық ақпараттар мен еліміздің жетістіктері туралы баяндады.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-тренинг өткізді. Жиын мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарымен эффективті қарым-қатынас жасау технологиясымен танысып оны жетік меңгеру.
Расында қандай мекеме болсын, БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс істеуі маңызды. Партия мүшелеріне масс-медиамен сауатты қарым-қатынас орнату әсіресе міндет. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Бұл маңызды функцияға басқа ешбір сала балама бола алмайды.
Кездесуге "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалы "Jas Otan" Жастар қанатының жетекшісі Гилажов Ринат Маратұлы қатысты.
