Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кедергісіз келешек"

Шымкент қаласы және Түркістан облысы Әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төраймы Жандосова Баян Айтбекқызы жоғарыда аталған мәселе бойынша Шымкент қаласындағы отбасылық жағдайы қиын және де мүмкіндігі шектеулі балалар,ата-аналардың үйлеріне барып аулаларындағы пандустардың мүмкіндігі шектеулі жандарға кедегісіздігін көріп қайтты. Қәзіргі таңда олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның парызы деп ойлаймын. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінген. Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қоғамдық ортамызды кедергісіз аймаққа сізбен біз болып айналудыруымыз керек екенін айтқым келіп отыр, Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну, ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері үшін бүгінде көп қабатты үйлердің аулаларын аралап үйме үй аралап қайттық. Жалпы іс-шараның масқаты осындай ортамызда жүрген жандарға қол ұшын беріп, белсенді өмірге, белсенді қоғам мүшесі екендікін сезіндіруіміз қажет.Ең бастысы бір мақсат, бір үдде, бір болашаққа деген ұмтылыс екендігін естен шығармауымыз керек.

0
0
149

Осы тақырып бойынша

"Кедергісіз келешек" - Yvision.kz