БПҰ төрағаларына арналған семинар-тренинг өткізілді.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-тренинг өткізді. Жиын мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарымен эффективті қарым-қатынас жасау технологиясымен танысып оны жетік меңгеру.
Расында қандай мекеме болсын, БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс істеуі маңызды. Партия мүшелеріне масс-медиамен сауатты қарым-қатынас орнату әсіресе міндет. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Бұл маңызды функцияға басқа ешбір сала балама бола алмайды.
