Абай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссия мүшелерінің онлайн жиналысы өтті.
Әрбір қоғамдық ұйымның мықтылығы бекітілген ережелердің қатаң сақталуында екені мәлім. Біздің Партия үшін де партиялық тәртіптің сақталғаны аса маңызды. Осы мақсатта бастауыш партия ұйымдарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіледі. Жиында Партиялық тәртіп бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен партиялық тәртіпті сақтау бойынша онлайн жиналыс өтті. Онда партия мүшелері арасында партиялық этиканы сақтау, короновирус індеті кезінде қоғамдық орындарды бетперде тағып жүру мен адам көп жиналатын орындардан оқшаулану жайында сөз болды.
