Мазмұнға өту

Жаңа

Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Барлық қазақстандық өз проблемасымен ешкім жалғыз қалып қоймайтындығын біледі. Егер проблема туындаса, біз әрқашан көмекке келеміз. Біздің азаматтарымыздың әрқайсысының артында қуатты жауапты мемлекет тұр және Ассамблея да бұл мәселеде соңғы орында емес. Жоғарыда айтылғандардың барлығы біздің бірегейлігіміздің негізін құрайды – бұл біздің бірегей ұлттық кодымыз», – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

0
0
111

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында әлеуметтік бейімделген бірқатар нысандарға бақылау жасады.

Түпқараған аудандық филиалы мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ өмір сапасын арттыруға бағытталған "Кедергісіз келешек" жобасы аясында әлеуметтік бейімделген бірқатар нысандарға бақылау жасады.

Бақылаудыӊ мақсаты - ғимараттыӊ әлеуметтік инфрақұрылымына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізу арқылы, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру. Мониторинг жүргізу барысында эмүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі зерделеніп, кемшіліктер бойынша ескерту мен тиісті ұсыныстар айтылды.

0
0
182

Әлеуметтік желі арқылы азамматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаулары өтті.

Әлеуметтік желі арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен аудандық бас дәрігерінің азамматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаулары өтті.

0
0
154

Түпқараған аудандық емханада « Өз денсаулығыңды тексер!» атты акция өтті.

Аудан тұрғындары тегін қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп, қан қысымын өлшеп, мамандардан аурулардың алдын алу бойынша тегін кеңестер алды. Дәстүрлі түрде салауатты өмір салтының, зиянды әдеттердің алдын алудың, денсаулықты сақтау мен ұзақ өмір сүрудің негізгі қағидалары туралы буклеттер таратылады.Акцияның басты мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптас­тыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауық­тырудың түрлі жобалары мен тетіктерін ен­гізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарас қалып­тастыру.

0
0
115

Халықаралық еріктілер күнімен құттықтаймыз!

Экономикалық жəне əлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер күні. Атаулы күн 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.

Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті. 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан осындай айтулы күнде ерікті істерге мұрындық болып, көптің көңілін жақсы істерге бағыттап жүрген еріктілерді мерекелерімен құттықтаймыз!

0
0
209

Ауданның денсаулық саласы басты назарда

- бұрынғы Түпқараған туберкулез ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 орынды провизорлық стационар ретінде пайдалануға беріліп, резерв есебінде дайындалды.- жұқпалы аурулар бөлімшесі жөндеуден өткізілді және орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету үшін нүктелер орнатылды.- «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында Ақшұқыр және С.Шапағатов ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары ағымдағы жөндеуден өткізілді.- Түпқараған орталық аудандық ауруханасына 2 дана электрокардиограф (ЭКГ), жылжымалы және стационарлық цифрлы рентген аппараттары, балаларға жасанды тыныс беру аппараты (ИВЛ), СИПАП жасанды тыныс беру аппараты және дефебриллятор аппараттары алынды.Сонымен қатар республикалық бюджеттен аудан орталығынан шалғай ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектерді көрсететі…

0
0
145