Түпқараған аудандық емханада « Өз денсаулығыңды тексер!» атты акция өтті.
Аудан тұрғындары тегін қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп, қан қысымын өлшеп, мамандардан аурулардың алдын алу бойынша тегін кеңестер алды. Дәстүрлі түрде салауатты өмір салтының, зиянды әдеттердің алдын алудың, денсаулықты сақтау мен ұзақ өмір сүрудің негізгі қағидалары туралы буклеттер таратылады.Акцияның басты мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауықтырудың түрлі жобалары мен тетіктерін енгізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарас қалыптастыру.
