Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық еріктілер күнімен құттықтаймыз!

Экономикалық жəне əлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер күні. Атаулы күн 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.

Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті. 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан осындай айтулы күнде ерікті істерге мұрындық болып, көптің көңілін жақсы істерге бағыттап жүрген еріктілерді мерекелерімен құттықтаймыз!

0
0
186

Осы тақырып бойынша

Халықаралық еріктілер күнімен құттықтаймыз! - Yvision.kz