Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданның денсаулық саласы басты назарда

- бұрынғы Түпқараған туберкулез ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 орынды провизорлық стационар ретінде пайдалануға беріліп, резерв есебінде дайындалды.

- жұқпалы аурулар бөлімшесі жөндеуден өткізілді және орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету үшін нүктелер орнатылды.

- «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында Ақшұқыр және С.Шапағатов ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

- Түпқараған орталық аудандық ауруханасына 2 дана электрокардиограф (ЭКГ), жылжымалы және стационарлық цифрлы рентген аппараттары, балаларға жасанды тыныс беру аппараты (ИВЛ), СИПАП жасанды тыныс беру аппараты және дефебриллятор аппараттары алынды.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен аудан орталығынан шалғай ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектерді көрсететін жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.

Медициналық кешен автобус негізінде автономды жылыту құрылғылары мен кондиционер және де жеті кабинетпен құрылған. Яғни, жалпы қабылдау кабинеті, жалпы практика дәрігерінің аймағы, талдауларды қабылдау аймағы, функционалдық диагностика кабинеттері, акушер- гинеколог және сәулелік диагностика кабинеттері және зертхана кабинеттерімен жабдықталған болса,арнайы қорғасын бөлмесінде қауіпсіз рентген және флюорография жасауға болады, жалпы кабинеттер толықтай жаңа заманауи цифрлық жабдықтармен қамтылған.

Бұл заманауи жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдардың тұрғындарының аудан орталығына келмей, скринингтерден өтуге, медициналық тексеруден сапалы қызмет және тұрғындардың білікті мамандардан сапалы консультациялар алуына қолайлы жағдай туғызып отыр.

Осыған қосымша НКОК компаниясының демеушілігімен ауданға екі санитарлық жедел-жәрдем автокөлік құрал-жабдықтарымен пайдалануға берілді. Сонымен қатар, демеушілікпен бір УАЗ автокөлігі және «КаспийБанк» ЖШС демеушілігімен «МАТИЗ» жедел жәрдем көліктері алынды.

Ауданда короновирус инфекциясының алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жасалынғанын және егер ауру көбейген жағдайда да ауданның медициналық көмек көрсетуге дайын , яғни дәрі дәрмектер және жеке қорғаныш құралдары да толықтай жеткілікті, екінші толқынға 20 медициналық қызметкерлер тартылатын болады, оның ішінде 5 дәрігерлер. Оларға жасалатын барлық жағдайлар мен әлеуметтік мәселелері пысықталынды.

Ауданда 6 мобильді топ құрылып, науқастарға амбулаториялық көмектер көрсетеді және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында қадағалайды.

0
0
124

Осы тақырып бойынша

Ауданның денсаулық саласы басты назарда - Yvision.kz