"Мой Казахстан" челленджі
Қазақстанымыз кең байтақ, дамыған. Осындай елде тұру - нағыз арман емес пе ?Қазақстан көп жылдар бойы өз бостандығы үшін қүрескен. Біздің халқымызда соғыссыз өткен ғасыр да болған жоқ. Хандық кезінен талай рет жоңғардың шапқыншылығын шыдағанын, Алаш кезінде неше дана адам атылғанын еске түсірмекшімін. Осының бәрі тәуелсіздікке барар жолда. «Міне келді сол уақыт,еш елге бағынышты емеспіз» деген қуанышты сөздер қазақтың сөздері! 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан алғаш рет тәуелсіздігін алды.Еліміз үлкен болғаны соншама әлем бойынша тоғызыншы орында. Ең тез дамитын ел болдық. Ең белгілі елдер де ғасырлар бойы дамыған. Ал еліміз небәрі 26 жылдың ішінде сондай жетістіктерге жетті. « ЭКСПО-2017» көрмесі – еліміздің тағы бір мәрте асқақтағанының белгісі. Сол көрмеге жүзден астам мемлекет қатысты…
