Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің тарихы» тақырыбында кеш өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша білім беру ұйымдарында, мәдениет, өнер салаларында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Осы тектес шараның бірі ретінде орталық «Мұражай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім бөлімінің қызметкерлері мен жалпы орта білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Тұңғыш Президенті күнінің тарихы» тақырыбында кеш өткізілді. Онда орталық мұражай директоры О.Тажиев және қызметкерлері Е.Даулетов, А.Абуова және келген тарих пәні мұғалімдері, О.Жандосов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі С.Рыскелдиева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығаруы, мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылғаны туралы жан-жақты айтылса, басқа да қатысушылар Елбасымыздың стратегиялық бастамалары мен болашақты болжай білетін көрегенділігін, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскендігін жан-жақты айтып, жеткізді. Сөз алған аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Орынбаев Елбасымыздың Украйна мемлекетіндегі Днепродзержинск қаласындағы №8 «Горновой» училищесінде 1958-1960 жылдары үздік аяқтағанын, аталған училищеде ауданымыздан үш адам бірге оқығанын, оның бірі өз әкесі, халықты әлеуметтік қорғау саласының зейнеткері болған Орынбаев Тұрғынбек Орынбайұлымен бірге оқып, тек оқумен шектелмей қоғамдық жұмыстардың белсенділері және спортта жүлделі орын иелері атанып, басқаларға үлгі бола білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Елбасымыз туралы естеліктерін жеткізді.

Қазығұрт аудандық мұражайының әдіскері Даулетов Ержан Асанұлы

0
0
277

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің тарихы» тақырыбында кеш өтті. - Yvision.kz