Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл — ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев — барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетіст…





